Соңғы қоңырау, мектеп бітіру, қорытынды аттестаттау тапсыру туралы » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Соңғы қоңырау, мектеп бітіру, қорытынды аттестаттау тапсыру туралы
19
май
2023

Соңғы қоңырау, мектеп бітіру, қорытынды аттестаттау тапсыру туралы

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! ✅Жамбыл облысы Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі - 2022/2023 оқу жылындағы соңғы қоңырау, мектеп бітіру, қорытынды аттестаттау тапсыруда мына жағдайларды ескертеді: ❌1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында қатаң тыйым салынады; мектеп қажеттіліктеріне, 4,9,11 сыныпты аяқтауына, мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинауға қатаң тыйым салынады; ❌2. Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беру, ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы, кешенді қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілетінін ескертеді. ❌3. Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға (педагогтар соңғы қоңырау іс-шарасы барысында ата-аналар тарапынан түрлі сыйлықтар алуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржылай ақша жинауға) қатаң тыйым салынады; ❌4. Оқушылардың автокөлік шеруіне шықпауына, ойын алаңдарына мейрамханаларда, тау бөктеріне бармауына, қатаң тыйым салынады; ❌5.Қорытынды аттестаттау кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, гүл сыйлауға, қатаң түрде тыйым салынады; ❌6.Мереке күндері және басқада күндері кәмілетке толмағандардың ата анасыз немесе жауапты заңды тұлғаларынсыз топтасып серуеундеуге , аудан орталығында себепсіз жүруге тиым салынады. Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертеміз.Бала қауіпсіздігі барлығымызға ортақ міндет!!! Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі. Тел.: 87757279217 Тел: 4-54-62