Төле би атындағы атындағы орта мектебінің қыздар ұйымының жиналысы » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Төле би атындағы атындағы орта мектебінің қыздар ұйымының жиналысы
05
ноябрь
2020

Төле би атындағы атындағы орта мектебінің қыздар ұйымының жиналысы

Төле би атындағы атындағы орта мектебінің 
қыздар ұйымының жиналысының
Хаттамасы№1
Қатысқаны – 15                                                                            24.10.2020 жыл
Күн тәртібінде:
  1. «Қызым үйде – қылығы түзде» баяндама
  2. Балалардың сабаққа қатысымы, формасы жайлы талқылау.
  3. Әр түрлі мәселелер туралы талқылау.
Жоспарға сәйкес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Истибаеваның ұйымдастыруымен «Қызым үйде – қылығы түзде» атты қыздар жиналысы өткізілді. «Қызым үйде – қылығы түзде» тақырыбында М.Истибаева баяндама оқып, қыздардың әдеп сақтауы бойынша кеңестер берді.
Мектептің қыздар кеңесінің жетекшісі А.Ақжолова тақырыпқа сәйкес пікір талас сайыс  жүргізді 8-11 сынып оқушылары өз пікірлерін айтты. 11 сынып оқушыларының айтқанына кей оқушылар өз пікірлерін қоса өз ойларын ортаға салды. Мұғалімдермен қыздар өзара білмеген сұрақтарын қойып, қыз бала қалай қалыптасса солай кетедіме деген өздерінің ойындағы мазалап жүрген сұрақтарға жауап іздеді. 
    Ал мұғалімдер болса «Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» деген ата бабамыз айтқандай деп оқушы қыз балалардың болашақ ана екенін қайта- қайта ескертіп айтып кетті. Оқушылардың сұрақтарына ұстаздар мақалдатып өз жауаптарын жан жақтама түсіндірді. Мысалы:қыз баласы байсалды, тәрбиелі болуы керектігін нықтап айтты.  Оқушылар мұғалімдердің мардымды жауаптарына қанағаттанды.  
Шешімі:
  1. Қыз балалардың әдебімен тәртібін алдын алу   мақсатында жиі әңгіме жүргізілсін, ата-ана мен байланыс нығайтылсын.
  2. Балалардың тәртібі сынып жетекшілер тарапынан қадағалауға алынсын.
                                                 ДТІЖО:                      М.Истибаева
                Қыздар кеңесінің жетекшісі:                 А.Ақжолова
                                                    Хатшы:                    А.Каримова