28
апрель
2021
«Ұлттық бірлік - тәуелсіз Қазақстанның іргетасы»
Сәуір айының 28-і күні, Қонаев ауылы Төле би атындағы орта мектебінде ДТІЖО М.Истибаеваның ұйымдастыруымен
1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, «Ұлттық бірлік - тәуелсіз Қазақстанның іргетасы» тақырыбында мектептің этномәдени ұлт өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Қазақстандық патротизм мен біртектілікті берік орнату және этносаралық келісімді қамтамасыз ету.
Жиында этносаралық келісімді дамыту мен нығайтудың пайдасы мен этностық қатыстылығына қарамастан барлық қазақстандықтарды біріктірген тарих туралы айтылды.
Этносаралық келісімнің қазақстандық моделінде мемлекеттік тіл көпұлтты қоғам бірлігінің көрсеткішінде рухани әрі психологиялық тұрғыда маңызды рөл атқаратындығы. Сондай ақ, мемлекеттік тілді меңгеру арқылы қазақ жерінде өмір сүретін барлық этнос өзін тұтас Қазақстан қоғамының құрамдас бір бөлігі болуға рухани тұрғыда дайын екендіктерін, болашағы Қазақстан халқымен байланысты екенін көрсететіндігі туралы айтылды.
Сол себепті де болашағын Қазақстан халқымен тығыз байланыстыруға деген ұмтылыстың шынайы рухани дайындығын анықтайтын басқадай нақты әрі айқын көрсеткіштің болуы мүмкін емес екендігі туралы ой қозғап, Осылайша Тәуелсіз Қазақстанның іргетасы еліміздің аумағында өмір сүретін барлық этностарға ортақ мәдени және рухани құндылықтармен негізделгендігі туралы айтылды.