25
январь
2022
Абдрахманова С.М.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы:Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат
Сабақтың тақырыбы:Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат
| Білім беру ұйымының атауы | |||||||||||||||||||||
| Пәні: | Физика | ||||||||||||||||||||
| Бөлім: | 8.3 А Тұрақты электр тогы | ||||||||||||||||||||
| Педагогтің аты-жөні: | Абдрахманова С.М | ||||||||||||||||||||
| Күні: | 24.01.22 ж | ||||||||||||||||||||
| Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
| Сабақтың тақырыбы: | Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат | ||||||||||||||||||||
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 8.4.2.7– кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру; 8.4.2.8 – есеп шығарғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiнің формуласын қолдану | ||||||||||||||||||||
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар істей алады: Өткізгіштің кедергісі жайлы мағлұмат алады, оның өлшем бірлігін түсіндіреді Көптеген оқушылар істей алады: Өткізгіштің меншiктi кедергісінің формуласын есептер шығаруда қолданады Кейбір оқушылар істей алады: Формуланы түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды | ||||||||||||||||||||
| Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||
| Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||||
| Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру Сабақтың басы 10 минут Жаңа білім 10минут Бекіту 15 минут Обратная связь Сабақтың соңы. 10 мин Бағалау Үй тапсырмасы | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі «Мінсіз шеңбер» әдісі
I.Оқушылар зерттеушілік дағдысын дамыту үшін жұпта тәжірибе жасайды. Ток көзі, амперметр, кілт, шамнан тұратын тізбекке әр түрлі материалдардан жасалған өткізгіштерді жалғаймыз. 1) Темірден жасалған өткізгішті қосамыз: Бұл кезде тізбектегі ток күші 3 А ге теӊ болды. 2) Мыстан жасалған өткізгішті қосамыз: Бұл кезде тізбектегі ток күші 1 А ге теӊ болды. 3) Никельден жасалған өткізгішті қосамыз: Бұл кезде тізбектегі ток күші 0,5 А болды. Бұл тәжірибе бойынша, тізбектегі кернеу тұрақты болған кезінде ток күші тізбекке қосылған өткізгіштіӊ қандай материалдан жасалғанына тәуелді екендігіне көз жеткіздік. Школьникам сұрақ қойылады: Қайсы өткізгіштіӊ токқа көп кедергі жасады? Жеке жұмыс (I) «Кім жылдам» әдісі Жеке жұмыс (I) Есептер шығару
ІІ.Сәйкестігін тап.
1.Ұзындығы 8 м никелин сымының көлденең қимасының ауданы 0,08 мм2. Егер сымның ұштарындағы кернеу 120 В болса, сым арқылы қандай ток күші өтер еді? . Жауабы: 3 А 2.Көлденең қимасының ауданы 1 мм2 никелин сымы арқылы 2,25 А ток өтеді және өткізгіштің ұштарындағы кернеу 45 В, сымның ұзындығы неге тең? Жауабы: 50 м Жауабы: 1,5 В Рефлексия: Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау Физика және астрономия.8-сынып. §38. 18 –жаттығу, 1,2-есеп | Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жауап беру арқылы есіне түсіреді | Бағалау критерийлері -Өткізгіштің кедергісі жайлы мағлұмат алады, оның өлшем бірлігін түсіндіреді -Өткізгіштің меншiктi кедергісінің формуласын есептер шығаруда қолданады -Формуланы түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды Дескриптор: -Ток көзіне өмірден мысал келтіреді. -Формулаларды түрлендіреді, қорытады. Дескриптор: -Өткізгіш кедергісі оның жасалған материалына, ауданына, ұзындығына тәуелді екенін анықтайды. -Өткізгіш жасалған материалдың тегіне қарай, кернеуі мен ток күші өзгереді. Жалпы балл-5 Дескриптор: -Кедергініӊ физикалық мағынасын біледі; -Кедергініӊ өлшем бірлігін біледі; -Өткізгіштіӊ кедергісін анықтайды; Жалпы балл-2 Дескриптор: -Ом заңын біледі; -меншікті кедергі формуласын біледі; -ток күшін анықтайды; -сымның ұзындығын анықтайды; -кернеудің мәнін анықтайды. Жалпы балл-3 Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл | ДК экран Слайд ДК экран Слайд Ток көзі, амперметр, вольтметр, кілт, шам, әр түрлі материалдан жасалған өткізгіш сымдар. Оқулық дәптер Үлестірме қағаздар | |||||||||||||||||