Жизнь школы » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
15
сентябрь
2016

Жизнь школы

Тәрбие жұмысы бойынша жүргізілген

 
жұмыстар
 

  Мақсаты: 

ХХІ ғасырдағы рухы жоғары өркениетті елдің жастарына  патриоттық   тәрбие беру.

Міндеті:

 
 
 
 
 
 
 
 

 -Өзінің тәрбиелеушілеріне бар мүмкіндігінше білім алуға көмектесу;

 

 -Танымдық қызығушылықтарын және сынып ұжымының танымдық іс- әрекеттерін дамытуға атсалысу.

 

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бойынша төмендегідей жұмыстарды атап өтуге болады:

 

      1 қыркүйек күні безендірілген  мектеп алаңында «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға мектептің барлық ұстаздары, оқушылары және ата-аналар қатысты. Мектепке жиын қонағы ретінде Қонаев ауыл әкімі Тұрсынұлы Зият,ауыл азаматтары,зейнеткер ұстаздар т.б келіп, сөз сөйледі. Жиын талапқа сай, жоспарлы түрде өтті. 

 

  Жиыннан кейін 1 сыныптарға – «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына өткен Бірінші Білім сабағында әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын сыйға тарту  етілді.

 

 

 

1-4 сыныптар – «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына Білім сабағын өткізсе,5-8 сыныптарда – «Қазақ халқының ерлік істері» тақырыбына Ерлік Сабағы ,9-11 сыныптар арысында – «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбына Бейбітшілік және келісім тақырыптарында тәрбие сағаттары өтілді.

 


 

 

 2. Рухани-адамгершілік тәрбиесіне де мектепте көп көңіл бөлінеді. Осы бағытта   5 қазан  мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз аты –биік,әрі мәңгілік» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Зейнеткер ұстаздарды салтанатты жиынға шақырып, сыйлықтар табыс етілді.Концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтті.

 

 

     3Ұлттық тәрбие аясында14-26 қыркүйек аралығында «Тілім тірлігімнің- айғағы» тақырында тіл мерекесі апталығы өтті. Жоспар бойынша тақырыптық кештер,фестивальдар,конференциялар,әдеби-сазды кештер өткізілді.

 

 

 

 

 

Қараша айында 5-6 сыныптар арасында «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлері «тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

 

 

 

 4. Салауатты-өмір салтын қалыптастыру бағытына келетін болсақ, қыркүйек айының басынан бастап таңертеңгілік жаттығулары сағат 8.00-де өткізіліп келді. Мектепте спорттық 3 үйірме жұмыс істейді. 2 үйірме футболдан, 1 үйірме волейболдан. Дене шынықтыру пәндері стандартқа сай оқушылардың сабақ кестесіне қойылған.

 

 

 

 

 

          7-қыркүйек күні мектепте  «Денсаулық күні» өтті. Ортақ жиын   жасалынып, мектеп медбикесі салауатты-өмір салтын сақтау туралы баяндама оқыды.Жоғарғы сыныптардың  «Спорттық би» қойылымдарын тамашалағаннан кейін, дене жаттығу жасалынды. Бастауыш сыныптарда қимыл-қозғалыс ойындары, ал орта және жоғары сыныптарда көңілді жарыстыр, спорттық ойындар ұйымдастырылды.

 


 

 

 

 

 Мектеп өмірінен көріністер:

 

Білім күні

 


 

 

 

 

 Салауатты-өмір салтын қалыптастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

Жас мамандармен жұмыс 

 

 

 

 

 "Үкілі ару" байқауы

 

 

 

 

Лучший оқүшыларды марапаттау 

 

 

 Мектеп ұжымы

 

 

 




 

 

Похожие публикации:

18 декабрь 2020 Мектеп тарихы