«ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»
15
сентябрь
2016

«ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

«ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК  МЕКЕМЕСІ.

 

«ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

 

Мекеме туралы  жалпы  мәлімет

Жамбыл облысы,  Шу ауданы,  Қонаев ауылы,

Оңласын улица 81 үй

 

Төле би атындағы орта мектеп /а/ 

 

1904 - 1905  жылдары 1 жылдық мектеп 5 - 10  оқушы  құрайтын  сыныптарда  сабақ  өткізілген. Бірнеше  жылдан  кейін  оқушылар  4  жылдық  білім  алу  мүмкіндігіне ие болды.

1938 жылы екі қабатты  мектеп  салынды. Білім  алу  7  жылдық  болды.

1940  жылы  орта мектеп болып,  білім  беру  орыс  тілінде   1 ауысымда  жүргізілді.

1954  жылы  қосымша  4 бөлмелі  мектеп  салынып , білім  беру  қазақ , орыс тілінде  2  ауысымда   жүргізіле  бастады.

 1955  жылы  Ворошиловка  ауылы  Ленин  ауылы  болып  өзгертілуіне байланысты В. И. Ленин  атындағы  орта  мектеп  атауы  берілді.

1984  жылы  1176  оқушыға арналған  үш  қабатты  мектеп  салынды.

1992  жылы  тамыз айында  мектепке Төле  би  Әлібекұлының  есімі  берілді.

Мектептің  жалпы  алаңы -  4900 м²

Жұмыс  алаңы –  4213 м²

Сынып  бөлмелерінің  саны -  60

Олардың  жалпы  көлемі  -  4133 м²

Жылу  жүйесі – қазандық

 Мектепте 1086  оқушы , екі  ауысымда  оқиды.

І  ауысымда  23  сынып - 527 оқушы

ІІ  ауысымда  25  сынып  -  559 оқушы

Барлығы  48  класс  комплект,  4  мектепалды  даярлық  тобы.

Мектепте  106  мұғалім  жұмыс істейді,  оның  ішінде  жоғары  білімді - 89,арнаулы  орта - 17. Жоғары  санатты - 25  мұғалім, І санатты – 22  мұғалім

 

ІІ  санатты – 39  мұғалім,  санаты  жоқ - 26 мұғалім.

 Мектеп проблемасы: 

« Білім  беру  мен тәрбие  үрдісіне  инновациялық  қызмет 

енгізу  арқылы   білім  сапасын  арттыру»

Мақсаты: 

Оқушылардың  парасаттылығын  және  жеке  ой - өрісін  дамыту. 

Міндеттері:

1.Отандық білім  саласын  әлемдік  білім  кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс  жасау.

<!2. Білім мазмұнына  жаңалық  енгізудің  тиімді  жаңа  әдістерін  іздестіру, оларды  жүзеге  асыра  алатын мұғалімдерді  даярлау.

<!-3. Нәтижеге  бағытталған  білім  беру  мақсатында  негізгі  пәндер шеңберінен  тысқары ,  жеке  тұлғаның  сұранысына, ерекшелігіне байланысты  жеке  басына бағытталған  білім  беру  үрдісін ұйымдастыру.

4. Школьникам  саналы  әрі сапалы  білім  беру арқылы  жоғары көрсеткіштерге  жету.

5. Преподавателиге   авторлық бағдарламалар , әдістемелік  құралдар, шығармашылық  ізденістер  жасауға  ұмтылдыру  және  қолдау көрсету. 

Күтілетін нәтиже:

Жедел  дамып  келе  жатқан  ортада  өмір  сүруге  қабілетті  қоғам талабына  сай  өзін  көрсете  білетін  білімді ,  ұлттық  тілді ,  тарихты жетік  меңгерген  Отандық  және  әлемдік  мәдениеті  бойында қалыптастырған  бәсекеге  қабілетті,  шығармашылығы  дамыған жеке  тұлға  қалыптасады. 

 

Мектеп әкімшілігі 


Султанова Махаббат Тулегеновна

Мектеп директоры 

 

«ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

  Туған жылы: 18. 02. 1977 жыл

   Еңбек өтілі: 12 жыл

   Санаты: I

   Бітірген оқу орны: 1. Абай атындағы Жамбыл  педагогикалық  колледжі 1998 жыл

                             2.Жамбыл гуманитарлық техникалық  университетті -  2008 жыл

    

 Мамандығы:      1.  Бастауыш  сынып  мұғалімі

              2.  Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі 


Сыздыкбаева Шолпан Қуанышбекқызы

Директордың оқу – ісі жөніндегі  орынбасары

 

«ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

           Туған жылы:          24.11.1965 жыл

         Еңбек өтілі:            22 жыл

        Санаты:                жоғары

              Бітірген оқу орны:  М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік  университеті  2001 жыл (сырттай)

        Мамандығы:          математика пәнінің мұғалімі

 Ажибекова Камшат Борашовна

Мектеп директорының әдістемелік жөніндегі орынбасары 

«ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

 Туған жылы:   03. 02. 1975 жыл

Еңбек өтілі:      20 жыл

Санаты:            жоғары

     Бітірген оқу орны:  Абай  атындағы    мемлекеттік   университеті    1996 жыл

     Мамандығы:           Физика  және  информатика  пәні  мұғалімі 

Бигетаева Дина Сарыноғайқызы

Директордың бастауыш сыныптар бойынша

оқу – ісі жөніндегі орынбасары 

 «ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

Туған жылы:13.03.1963 жыл

           Еңбек өтілі: 34 жыл

           Санаты:жоғары

           Бітірген оқу орны: 1. Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық  институты(күндізгі) 1983 жыл

                               2. И.Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік Университеті  2008 жыл  (сырттай)

 

           Мамандығы:  1. Педагогика – психология мұғалімі  Мектепке дейінгі әдіскер

 

                              2.  Бастауыш сынып мұғалімі 

 

Мыңжасарова Гүлсин  Алмахановна

 

Тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары

 

«ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

 Туған жылы:       26. 02. 1967  жыл

 

   Еңбек өтілі:              12 жыл

   Санаты: жоғары:    І санат

    Бітірген оқу орны:  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық  институты 2007 жыл  (сырттай)

 

     Мамандығы:   Тарих,  география пәні мұғалімі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің

әдістемелік бірлестігі 

 

«ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

 Бастауыш қазақ сынып мұғалімдерінің әдістемелік  бірлестігі

 

 

«ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

 Бастауыш орыс сынып мұғалімдерінің әдістемелік  бірлестігі

 

 

«ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

 Математика, физика, информатика пәні  мұғалімдерінің

әдістемелік бірлестігі

«ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

 2013-2014 оқу жылы

 Мектептегі жалпы оқушылар саны - 997

Аудандық  ішкі істер бөлімінде  есепте тұрған балалар - жоқ.

 

2014 - 2015 оқу жылы

Мектептегі жалпы оқушылар саны -1035

Аудандық  ішкі істер бөлімінде  есепте тұрған балалар  -  жоқ

 

2015 - 2016 оқу  жылы

Мектептегі жалпы оқушылар саны -  1087

Аудандық  ішкі істер бөлімінде  есепте тұрған балалар  -  жоқ

Сапалы білім берумен қамтамасыз ету(жалпы орта білім туралы «Алтын белгі»  аттестатын  дәлелдеген және Лучший аттестатын

алған оқушылар саны ; қосымша білім берумен қамтылған оқушылар саны );

2012-2013 оқу жылы – 0 оқушы

2013-2014 оқу жылы – 1 оқушы

2014-2015 оқу жылы -  1 оқушы

 2013-2014 оқу жылы Байтугелова Арайлым

«Алтын белгі» төсбелгісінің иегері

 

«ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

 2014-2015 оқу  жылы Иманбаева Айжан

 

«Алтын белгі» төсбелгісінің иегері

 

«ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

 

Ұлағатты ұстаздар мекені

«Адамның  адамшылдығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан»

                                                                                                                                                   Абай.

   Бала бойына адамшылдық пен ақылды қалыптастыратын,  білім мен ғылымға жетелейтін үлкен отбасы ол-мектеп. Мектеп –киелі шаңырақ. Осындай киелі шаңырақтың бірі - Төле би атындағы орта мектебі. Ұлы баба есімімен аталып, ұлы тұлға  Д.А.Қонаев  атындағы ауылдың ортасында орналасқан мектеп-ауыл ажары мен мерейіне айналғалы бір ғасырдан астам уақыт өтті. Мектеп өмірі әрқашан ұстаз атымен тығыз байланысты. Ғасырлық тарихы бар киелі шаңырақ рухын биікке көтеріп, ел болашағын көркейту жолында жас ұрпақты тәрбиелеумен келген мектеп ұстаздары үшін бұл- рухы биік, қасиеті мен берері мол мекен.Мектеп қабырғасында түрлі ұлт өкілдерінен құралған 1086 оқушы сапалы білім алуда.Шәкірт тәрбиелеу саласында 106 мұғалім еңбек етіп келеді.

Осы мектепті басшылыққа алып отырған республикалық «Зерек» атты оқушылардың  ғылыми жұмыстарының, облыстық  «Балғын зерттеуші» ғылыми жобалардың иесі, өз ісінің шебері, білгір де білімді маман,тамаша ұйымдастырушылық қасиеті бар Сұлтанова Махаббат Тулегенқызы. Ол білім беру саласында мемлекеттік міндеттерге атсалысып, жас ұрпақты тәрбиелеуде білікті тәжірибесімен танылып, өз ошағын білім беру мен дамыту жолында еңбек етіп отырған жан.

Оқуды тәрбиемен ұштастыруда , жас  мамандарға  ақыл кеңес беріп,мектептің жоспарлы түрде алға  жылжуына, әкімшіліктің  ұйымшылдықпен бірлесе отырып көп үлес қосады. Атап айтсақ   13  жыл ғылыми – әдістемелік жөніндегі орынбасары болған

Болшанова Ж.Т  өз ісінің шебері  деп атауға болады, оқу ісі-жөніндегі орынбасарлары Сыздықбаева Ш.К,Бигетаева Д.С, педагог  ұйымдастырушы  Бірімқұлова Ж.Т, әлеуметтік маман

Қуандықова Д.Т, тәрбие  ісі-жөніндегі  орынбасарлары Василевская Л.М, Г.А.Мыңжасарова өз үлестерін  қосуда.

 «Алты алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі» деген асыл сөз бар. Мұғалімдік  жол қиын да қызықты. Мектебіміз жылдар бойы  ұжымдастарына адамгершілік пен іскерліктің үлгісі бола білген  ұстаздарымыздан кенде емес. Өмірлік тәжірибесінде өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алған ардагер ұстаздарымыздың бірі - Кезеңғараева Күләйхан Сағадиқызы. Күләйхан тәтей еселі еңбегі үшін  облыстық құрмет грамотасымен және Шу ауданының  құрылғанына 80 жыл  толуына орай,  құрмет медалімен марапатталды. Математика пәнінің майталманы. Бүгінгі таңда  жас мамандардың тәлімгері.

Татымбетова Тлеухор Бостанқызы биология пәнінің жоғарғы санатты   мұғалімі. Еңбек жолында «Өсімдіктер әлемі» тақырыбындағы Республикалық семинардың дипломымен, «Балалар Интеллектуалдық Клуб»  жобасы бойынша қашықтық  «Ену» олимпиадасына ұйымдастырушылық көмек көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталған. «Генетикалық есептер жинағы» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы облыс көлемінде таратылды. Ұстаз тәрбиелеген оқушылар жетістігі де аз емес. «Күздік, жаздық бидайдың ерекшеліктері» тақырыбымен «Мен зерттеуді үйренемін» ғылыми жобасына қатысқан оқушысы Құрманбек Бекмұхамбет облыс көлемінде ІІІ орынды иеленсе»,  Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттері» тақырыбымен облыстық жас ғалымдар байқауына қатысқан Бахтиярова Қымбат мақтау қағазымен марапатталды.

Білім негізі-бастауышта» деген қағиданы берік ұстанған бастауыш сынып  мұғалімі  Алимхожаева Шолпан Пазылқызы ұзақ жылдар бойы саналы, озық ойлы, білімді  шәкірт тәрбиелеп отырған  тәжірибелі ұстаз. Ол тәрбиелеп отырған оқушылар аудандық олимпиадада алған білімдерінің нәтижесін көрсетіп І , ІІ-ші орынды иеленді. Оқушысы Бақберген Толғанай аймақтық  шығармашылық жұмыста І-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ұстаз ана оқушыларының жетістіктері үшін аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздары мен Нұр Отан партиясының құрмет грамотасымен марапатталған.

  Құндызбекова Райхан Бағыбайқызы жоғарғы санатты, білікті маман, қашықтық олимпиада сертификатының иесі. «Алаш ұстазы» ғылыми- педагогикалық әдістемелік журналында жарияланған еңбегі үшін дипломмен, «Алаш ұстазы»  ғылыми-педагогикалық әдістемелік журналы ұйымдастырған «Жаңашыл мұғалім» байқауында  ІІ – ші орынды иеленіп дипломмен марапатталды.

Агалиева Ф.А, Бисултанова Н.А , Дүсебекова Ж.А - бастауыш сынып мұғалімдері. Оқушылары жетістіктерден көрініп жүрген, ізденімпаз мұғалімдердің бірі.

Мектеп мақтанышы    химия пәнінің білімді де білікті маманы. Самсонов С.И. –оқушыларға  сапалы білім берумен  қатар, жұмысы облыс көлемінде танымал. Самсоновтың оқушылары  аудандық, облыстық, республикалық  пән олимпиада жеңімпаздары.

 Заман талабы мұғалім білімін арттыруды,өздігінен білім алуды дамыту,үздіксіз іздену жолында жаңа технологияны пайдалануды қажет етеді. Елбасының халыққа жолдаған Жолдауында   білім саласында «Оқыту үрдісінде қазіргі заманғы әдістемелер мен технололияларды енгізу» міндетін жүзеге асыру көзделген еді. Осы талапқа сай Назарбаев зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің  бірлесіп жасаған деңгейлік бағдарламасы бойынша бірнеше мұғалім педагогикалық шеберлік орталығынан дәріс алып,деңгейлік бағдарлама жоспарымен заманауи әдістемесі және жаңа технологияларды қолданып жаңаша жұмыс жасауда. Атап айтсақ:

Тазабекова Б. С, Құнанбаева К. Б, Арғынбаева Г. Б, Жолдыбекова Г.М,Мамбетова Р.А,

Самсонов С.И, Түсіпбекова М.Т сияқты ізденісі мол жаңашыл  мұғалімдер.

      Тарихы терең тағылымы мол білім ордасы биылғы оқу жылында   аудан, облыс, Республика көлемінде үлкен жетістіктерді де иеленіп отыр. Аудандық көлемде технология пәні бойынша оқушылардың шығармашылық жобасы байқауында - 3, облыстық байқауда - 2, облыстық байқауда арақашықтық тест тапсырудан физика пәнінен «Балалар Интеллектуалды Клубы» 2,  арақашықтық  халықаралық көпсалалы супер турнирде ағылшын тілі пәнінен -2 орын, осы салада қазақ тілі пәнінен 2 орын, Республикалық байқауларда оқушылар олимпиадасында Қазақстан тарихынан 3 орын, құқықтану пәнінен 3 орын, орыс тілі пәнінен 2 орын, биология пәнінен 3 орын, мұғалімдер арасында ағылшын тілі пәні бойынша 3 орын, Халықаралық деңгейдегі байқауларда математика саласында 1 орын «Балалар Интеллектуалды Клубы» жобасы бойынша ағылшын тілі пәнінен 1 орын, Кенгуру бағытында 2 орынды 5 оқушы иеленді.

       Мектеп қабырғасынан ұшқан «Алтын белгі» иелері бүгінгі күнде  2013-2014 оқу жылында бітірген  Байтүгелова  Арай  Қарағанды Медициналық  Академиясының грант иегері.

2014-2015 оқу жылы бітірген Иманбаева Айжан  Асфендияров атындағы Ұлттық Медицина университетінің грант иегері. Өткен оқу жылының есебімен ЕНТ-ге 15 оқушы қатысып, орта балы 69,1, білім сапасы 52% көрсетті.

       «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мектеп ұжымы «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген қағиданы есте ұстап бірлесіп,қиын жолдардың шешімін тауып,саналы ұрпақ тәрбиелеп келеді. Киелі мекеннің мәртебесін биіктету мақсатында білікті басшы мен  ұстаздар қауымының алар биіктері мен асар асулары алда.

 

 

 

Похожие публикации:

15 сентябрь 2016 Жизнь школы
18 декабрь 2020 Мектеп тарихы