қыздармен жұмыс » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
апрель
2021

қыздармен жұмыс

Сәуір  айының  20 күні Төле би атындағы орта мектебінде  9 сынып қыздарымен «Қыздарға жарасады сұлу мінез» тақырыбында  жиналыс  өткізілді.  Осы  тақырыпқа  мектебіміздің «Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі А.Б.Ақжолова баяндама жане презентация дайындап, оқып, талқылады. ДТІЖО М.М.Истибаева,  да сөз алып қыздарға өзінің ақыл кеңестерін айтты. Қыздар өздерінің ойларын ашық айтып,  қазіргі заманауи қыздарда сұлулық, инабаттылық бұрынғыға қарағанда сәл өзгеше көрініс табады деп сол ойларын дәлелдеді. 
      Негізінде сұлулық адамды тәкаппарландырады. Дегенмен ақылды да көрікті жандар бұдан тыс. Ыбырай Алтынсарин атамыз сұлулығымен мақтанып, ерекшеленген пенделерге мынадай өсиет айтады:              
Мақтанба сұлумын деп ажарыңа,
Ажарсыз адамдарды ал назарыңа!
Зылиха, Жүсіппенен сұлу өткен,
Тұрмаған ажар ара ажалына.
Кездесу барысында клуб жетекшісі дайындаған мәліметтерімен  таныстырып, сұрақ жауап  арқылы қыздармен сұхбат жүргізді